«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ»
Абай облысының мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарына осы жылдың үш айында 21 мыңнан аса жолданым тіркелген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Абай облысы бойынша департаменті өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің бастығы Айбек Мұратұлы мәлім етті. Айта кетейік, 2021-жылдың 1-шілдесінен бастап жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қолданысқа енгізілген. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндетін қойды. Азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі әзірленді.
АЙБЕК МҰРАТҰЛЫ –ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨТІНІШТЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Жолданымдардың басым бөлігі Абай облысының жергілікті атқарушы органдарына тиесілі. 24-жылдың үш айымен 7 619 жолданым тіркелсе, қазіргі таңда үш аймен 9 604 жолданым тіркелген. Жолданымдардың мәселесінің ең көп қолданылатын сипаты ол салықтық әкімшілендіру – 1 650 болса, білім беру процесін ұйымдастыру – 1 270, сот актілерін орындау – 960, мемлекеттік сатып алу – 768. Қалған жолданымдар жылу, су, газбен жабдықтау, жарықтандыру, лифт шаруашылығы, абаттандыру және көгалдандыру – 654 жолданым тіркелген.