Семей медициналық университеті өз түлектерін жұмыспен қамтуға ерекше назар аударады. Әр жыл сайын бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып, дәрігер мамандығына қажеттілігі бар мекемелердің сұранысын қанағаттандыруға тырысады. Биылғы жәрмеңкеге біздің облысымыздан бөлек, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау облыстарының жұмыс берушілері қатысты.
Мадина Базарова Семей медициналық университетінің резидентурасында акушер-гинеколог мамандығына білім алады. 10 жылдық үздіксіз білімін биыл тәмамдап, өзі қалаған кәсіп бойынша еңбек жолын бастауға бел буып отыр. Бос орындар жәрмеңкесіне қатысқан болашақ дәрігердің мақсаты ауылға барып қызмет ету.
МАДИНА БАЗАРОВА, «СМУ» ҚеАҚ ТҮЛЕГІ
Мен Павлодар облысынан келген жұмыс берушілермен тілдестім. Соның ішінде Успенка ауылында жас маманға жасалатын жағдай ұнады. Болашақта осы ауылға барсам деймін. Қазіргі уақытта бала күтімдемін. Дегенмен, алдағы күз, қыс айларында аталған ауданға жұмысқа орналасуды көздеп отырмын.
Семей медициналық университеті дәл осы Мадина сияқты мыңнан аса биылғы түлектің жұмыс табуына мейлінше жағдай жасап отыр. Тек, болашақ жас маман өз ынтасы мен қызығушылығына байланысты жұмыс берушілердің ұсынысынан бас тартпаса болғаны. Мәселен, көршілес Павлодар облысынан келген өкіл Железин ауданына барамын деген маманға 8 жарым млн теңге 1 реттік өтемақы, баспана алуға 2 жарым мың айлық есептік көрсеткішке тең келетін қаржылай көмек беретінін айтып отыр. Оның сыртында аудан әкімдігінен берілетін 100 айлық есептік көрсеткішке тең келетін сома мен аудандық аурухананың 200 мың теңгесі тағы бар.
РОМАН ПАК, ЖЕЛЕЗИН АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖЕТКШІСІ
Біздегі дәрігерлердің дені Семей медицина университетінің түлектері. Осы универистетте дәріс алған түлектердің жұмысын жоғары бағалаймыз. Өз ісінің нағыз мамандары. Қандай жұмыс, қандай міндетті алдына қойсаңызда мүлтіксіз орындап шығады.
Бүгінгі жәрмеңкеге еліміздің 6 облысынан 90 –нан артық емдеу мекемесінің өкілдері қатысты. Олардың барлығында мамандар тапшы. Бір ғана Абай облысы бойынша 80 дәрігердің орны бос тұр.
ДУМАН БЕРІКҰЛЫ «СМУ» ҚеАҚ ДИПЛОМНАН КЕЙІНГІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ
Бүгінгі күнде тапшы мамандықтар біріншіден акушер-гинекологтар, анестезиолог-реноматологтар, кардиологтар, невропотологтар, отоларингологтар, педиаторлар, терапевтер. Бұл тапшылық биыл туындаған жоқ. Бізде білесіздер, мамандықтардың жылжуы болады. Олардың көшімі бар.Пенсияға шығатын мамандарымыз бар.
Семей медицина университеті ұзақ жылдар бойы заман талабына сай білікті мамандарды даярлап келеді. Ал, жұмыс берушілер болса, оқу орны түлектерінің елімізде ғана емес, шет мемлекеттерде танымал екендігін айтып отыр.