Егер сіздің ватсабыңызды бұзып, алаяқтар таныстарыңыздан ақша сұраса не істеу керек. Полицейлердің айтуынша, бұл интернеттегі алаяқтықтың кең таралған түрі. Ұрылардың құрығына іліккендер саны азаймай тұр. Мәселен, биыл Семей тұрғыны алаяқтарға 28 млн теңге аударды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері интернет-алаяқтық туралы ескерту, сақтандыру жұмыстарын жүргізуде.

Семейде «Стоп алаяқ!» акциясы бастау алды. Басты мақсат-халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыру және телефон, интернет алаяқтарының қолданылатын әдістері мен тәсілдері туралы хабардар болу. Жыл басынан бері Семей қаласы бойынша 194 киберқылмыс тіркелді. Оның ішінде тек 60-тан астам факт ашылды. Қылмыстардың 60 пайызы әзірге ашылмады.


ЕЛДОС ОРАЗАЛИН СЕМЕЙ Қ. ПБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ
Біздің тұрғындарды өздерінің банктік шоттарын бұзамыз деп алдайды. Олар басқа шотқа ақша аударуларын сұрайды. Олар бұл ақшаны биткоин және шетелдік банктардан ала алады. Ең ірі мөлшері шамамен 28 млн теңге болды. Вацап чаты бұзылған жағдайда. Егер адам одан ақша сұралатынын білсе, ол дереу телефоннан вацапты алып тастап, оны қайта орнату керек. Жақындарыңызға менің ватсабыңызды бұзды және ақша аудармаңыздар деп дереу хабарлаңыздар.


Акция аясында полиция қызметкерлері №50 мектептің мұғалімдері мен оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар азаматтардың жеке мәліметтерін үшінші тұлғаларға бермеуін айтты. SMS кодтарды, карта нөмірлерін және қауіпсіздік кодтарын хабарламауға шақырды.


АРАЙЛЫМ БЕКБОСЫНОВА - №50 МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ
«Бүгін бізге полиция қызметкерлері алаяқтардан сақтауу жолдарының бірнеше түрін айттып, ақпараттандырды. Мектеп мұғалімдері осы ақпаратпен бүгін өздері танысып енді алдағы уақытта сынып сағаттарында , ата аналармен жиналыс жүргізген кезде хабарлайды. Осымен құлақтандырып отыру керек. Және осында акциялар үнемі өткізілсе дұрыс болады».


Айта кетейік, "Стоп алаяқ" акциясы бүгін қаланың орталық бөлігінде, сондай-ақ 11 сәуірде қаланың Затон бөлігінде өткізіледі. Әрбір отбасы алаяқтардың айласына түсіп қалмаудан сақтануы керек.