1965 жылдың 1 қыркүйегінде Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты. Бұл республикадағы Алматы, Қарағанды, Өскемен телевизиялық студияларынан кейінгі төртінші, одақ бойынша 116 студия еді .

   Ол қаланың шетіндегі өзен жағалауындағы дөңде, жоғарғы Ертіс өзені кеме басқармасы электр станциясының ескі ғимаратында жабдықталды. Қасынан жаңадан телерадио тарату орталығы салынып, биіктігі 180 метрлік телемұнара бой көтерді. Дәл осы күні эфирде «Семей телеорталығы іске қосылды» деп облыстық еңбекшілер депутаттары атқару кеңесінің төрағасы Дайыровтың сөзі беріліп, «Ермек Серкебев ән шырқайды» фильм –концерті берілді.

   Арна жарты ғасырдан астам уақыт бойы түрлі даму кезеңдерін басынан кешірді. Семей облысы тараған 1997 жылы және 2016 жылы жабылып қалу туралы үкіметтік шешімдер қабылданды. Бірақ, көрермендердің қолдауы арқасында қызметін жалғастырды.

Ертістің жағалауына қатар қонған «SEMEI» -«ERTIS» телеарналарының қызметіне биыл 60 жыл толды. Мерейтойға орай, «Жидебайдан- Жасыбайға» телеэкспедициясы ұйымдастырылды. Көрерменнің көзайымына айналған қос арна мерейлі мерекені екінші қыркүйек күні өңіраралық телекөпірде атап өтті. Тікелей эфирге арнаның әр түрлі буын өкілдері шақырылып, бәрі қалай басталып еді, арна тарихындағы айтулы оқиғалар, қызықты жайттар жайында естеліктерімен бөлісіп, дәстүр сабақтастығы, жаңа медиа талаптары жайлы ойларын ортаға салады.

   Демеушілердің көмегі арқасында арнамыздың ардагерлері Б.Сыдықов және Ф.Бегенбаева атында атаулы кабинеттер пайдалануға берілді.

Фатима Мамырбекқызын 1969 жылдың шілдесінде Семей телестудияда Кеңес Одағының Батыры ұшқыш ғарышкер Герман Титовпен сұхбат жүргізсе, 1970 жылы ең алғаш төл өнерімізді жаңғыртып «Айтыс» хабарын түсірді.

Арна өткенге сүйеніп, дәстүр сабақтастығын жалғастырып, болашаққа сеніммен қадам басуда... талай деректі фильм, бейнебаян түсірілді соның бірі, мемлекет басшысының бастамасымен басталған «ЕҢБЕК АДАМЫ» жылына арналады.

Алаштың арнасы құрметіне ақын Мұрат Тастағановпен сазгер Тынышкүл Ақай «СЕМЕЙ ТЕЛЕАРНАСЫ» ән ұранын жазды. Арнаның мерейлі сәтінде, арна қызметкерлері тұңғыш рет көрермендермен «Семей телеарнасының» әнұранын бірге қосылып шырқады.

     Абай облысының әкімі Берік Уәли мырза журналистер күні қарсаңында арнаға арнайы келіп қызметкерлермен кездесті. Теле журналистиканың жілігін шағып, майын ішкен азаматтың облысқа басшы болып келуі арна дамуына кең мүмкіндіктер берді.

2022 жылы /16 наурыз/ Абай облысының қайта құрылуымен арнаның жаңа тынысы ашылды. Бүгінде «SEMEI» тәулігіне 14 сағат бойы хабар таратады. Көрермендерге 30-ға жуық авторлық бағдарлама ұсынылады. Оның ішінде «Елге сәлем!» ақпараттық-сазды бағдарламасы екі сағат тікелей эфирде өтеді. Жаңалықтар қызметі күніне 5 рет шығады

  SEMEI - сапалы контент пен жаңашылдықтың символы. Өңірдің басты арнасы алғашқы рет Қытай Халық Республикасынан тікелей ақпарат таратты

Арна өткенге сүйеніп, дәстүр сабақтастығын жалғастырып,болашаққа сеніммен қадам басуда. Телеарна қызметкерлері арасында бір «Құрмет» орденінің «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің, бес «Ақпарат саласының үздігі», «Жылдың жас журналисі» секілді түрлі деңгейдегі журналистер байқауының жүлдегерлері бар.