«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын кезекті сайлауына қатысатын саяси партиялардың сайлауалды үгіт материалдарын телеарналар эфирінде, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілердегі парақшаларда орналастырудың жалпы шарттары


«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ (бұдан әрі - РТРК), «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының, «QAZSPORT» телеарнасының, «Kókshe», «Qostanai», «Qyzyljar», «Ertis», «Semei», «Altai», «Saryarqa», «Jambyl», «Ońtústik», «Qyzylorda», «Aqtobe», «Aqjaiyq», «Atyraý», «Mańǵystaý» аймақтық Телеарналарының (бұдан әрі - Телеарналар) сондай-ақ https://qazaqstan.tv/ ресми сайтының және әлеуметтік желілердегі https://www.instagram.com/qazaqstantv, https://t.me/qazaqstantv парақшаларының, меншік иесі, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) Телеарналарда, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілердегі парақшаларда орналастыру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы хабарлайды.


Телеарналар, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілердегі парақшалар РТРК мен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған және тіркеген Саяси партия арасында немесе Саяси партияның уәкілетті өкілі арасында (бұдан әрі – Саяси партия) жасалатын жазбаша шарт негізінде Үгіт материалдарын орналастырады. Сонымен қоса Телеарналарда Үгіт материалдарын орналастыру Телеарналар бекіткен монтаждау парақтарына сәйкес жүзеге асырылады, ал монтаждау парақтары жазбаша өтініш берілген күні Телеарналарда бар техникалық мүмкіндіктерге сәйкес, яғни Телеарналардың эфирлік уақытының жоспарлы уақыт аралығында жарнаманың болуына және/немесе болмауына қарай, Үгіт материалдарының эфирге жоспарлы шығуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын әзірленеді.


Үгіт материалдарын Телеарналар эфирінде, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілердегі парақшаларда орналастыру төмендегі Үгіт материалдарын орналастыру жолымен жүзеге асырылады:

1) қазақ немесе орыс тілдерінде хронометражы 10 (он) секундтан кем емес бейнероликтер;

2) бейнесюжеттер;

3) лентадағы мақалалар, баннерлер;

4) жарияланымдар (посттар), оның ішінде Stories форматындағы, және оларды бекіту;

5) өзге де Үгіт материалдары.


Саяси партияның не болмаса оның уәкілетті өкілінің РТРК басшысының атына жазған жазбаша өтініші Үгіт материалдарын орналастыру туралы шарт жасау үшін негіздеме болып табылады.


Үгіт материалдарының саны, хронометражы, орналастыру жоспарланған күн мен уақыт Саяси партияның не болмаса оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, кейіннен олар шарт талаптарымен бекітіледі.


Өтініш Саяси партиялардың өтініштерін тіркеу журналында, кезектілік тәртібімен, әр жазбаша өтінішке реттік нөмір тағайындау және өтініштің келіп түскен күнін белгілеу жолымен тіркеледі.


Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі керек:

1) Саяси партияның тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Саяси партия өкілінің уәкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шарт жасау үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.


Телеарналар эфирінде интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілердегі парақшаларда Саяси партиялардың Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не болмаса, егер өтініштер бір уақытта келіп түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын РТРК белгілейді.


Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте, сұратылып отырған уақыт ертерек жүгінген басқа Саяси партияға берілген болса немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты берілуі мүмкін болмаса РТРК Телеарналардың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Саяси партияға үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады.


Үгіт материалдары Телеарналарда эфирге жоспарлы шығуына, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілердегі парақшаларда орналастырылуына дейін кем дегенде күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын ұсынылуы тиіс.


Үгіттік аудиовизуалдық материалдар (бейнероликтер) DVCPRO HD немесе XDCAM HD 50 Мбит/сек кодталған форматта, profile 4:2:2, секундына 25 кадр, HD стандартындағы кадр өлшемімен, өрістету түрі interlaced, өрістерді құру жолы: үстіңгі бірінші өріс (top field first) кадрдың қатынасы 16:9, біріктірілген дыбыспен және көрсетілген тайм-кодпен ұсынылады. Аудиосүйемелдеу келесі объективті және субъективті техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс: серпінді диапазон кемінде 40 дБ; жиіліктік диапазон кемінде 20 Гц – 20000 Гц; студиялық жазбада бейсызықтық бұрмалау коэффициенті 1 %-дан артық емес; сигналдың акустикалық ревербациясы («жаңғырық») болмауы тиіс; сөйлеу 100% анық болуы тиіс; жазбада бөтен дыбыстар, шулар, кедергілер естілмеуі тиіс; 1-2 дыбыс жолақтары үшін түйістірілген дыбыс (оң және сол дыбыс жолақтары қайталануы тиіс) қажет; 3-4 дыбыс жолақтары үшін ажыратылған дыбыс қажет.


Үгіт материалдары сыртқы тасымалдағыштарда (қатты диск, флеш карта) беріледі.


Электрондық тасымалдағышпен бірге Үгіт материалдарын орналастыру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің түсіндірмесі, суреттері Үгіт материалдарында пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша рұқсаттары, жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың суреттері пайдаланылған жағдайда – ата-аналарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының жазбаша рұқсаттары беріледі.


Үгіт материалдарында олардың төленуі, қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе визуалды ақпарат болуы тиіс.


Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамаға сәйкес болуына дербес жауапты болады.


Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген тәртіп пен талап бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарт талаптары бұзылған кезде Үгіт материалдарын эфирге шығару жүргізілмейді не болмаса бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатылады.


Егер үгіт материалдарында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін күштеп өзгерту, оның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне қол сұғу, қоғамдық тәртіпті бұзу, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіру, соғысты, қарулы қақтығыстарды, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық немесе діни үстемдікті не алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау идеялары, сондай-ақ осындай әрекеттерді жасауға шақырулар қамтылған болса, РТРК оларды орналастырудан бас тартады.


РТРК Үгіт материалдарында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына басқа да кандидаттардың арына, намысына немесе іскерлік беделіне зиян келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда оларды орналастырудан бас тартуға құқылы.


Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Үгіт материалдарын орналастыру тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.


                                                                  Телеарналарда Үгіт материалдарын орналастыру құны және тілі


Орналастыру түріОрналастыру тілі1 минуттың құны, теңгеде, соның ішінде ҚҚС
1Видеоматериалдар жәнесайлауалды пікірталастар (дебаттар)Қазақ186 500
2ВидеоматериалдарҚазақ, орыс120 000
3ВидеоматериалдарҚазақ, орыс30 000
4Бейнесюжет шығару және орналастыру (арнайы жоба)Қазақ1 250 000
5Бейнесюжет шығару жәнеорналастыру (арнайы жоба)Қазақ, орыс45 000
*Қосымша жеңілдіктер қарастырылмаған


Интернет-ресурстарда Үгіт материалдарын орналастыру құны және тілі



Интернет-ресурс атауыОрналастыру түріОрналастыру тіліҚұны, ҚҚС қоса алғанда, теңгеТехникалық талаптар
1https://qazaqstan.tv/Лентадағы мақала (бос орындарымен 5 000 таңбаға дейін, 4 фотоға дейін)Қазақ400 000Фотосуреттер jpg, png, файл өлшемі 2000 Кб-тан аспауы тиіс


Басты беттегі баннер (100 % x 250px)Қазақтәулігіне

60 000
Оңтайлы өлшемі: 1920x250px; сурет jpg, png, файл өлшемі 300 Кб-тан аспауы тиіс


Бөлімдер арасындағы баннерҚазақтәулігіне

40 000
Өлшемі: 1400x180px; сурет jpg, png, файл өлшемі 300 Кб-тан аспауы тиіс
2https://www.instagram.com/qazaqstantvПост орналастыруҚазақпост үшін

270 000
Пост (4x5) 1080x1350px; сурет jpg, png, файл өлшемі 5000 Кб-тан аспауы тиіс; видео mp4 1080x1350px, ұзақтығы 1 минуттан аспайды, дыбыстық сүйемелдеуі қазақ тілінде; сипаттамасы қазақ тілінде 2000 таңбадан аспайды (бос орындарымен)


Постты лентада бекітуҚазақтәулігіне

50 000



Stories-те 24 сағатқа орналастыруҚазақ70 000Stories (9x16) 1080x1920px; сурет jpg, png, файл өлшемі 5000 Кб-тан аспауы тиіс; видео mp4 1080x1920px, ұзақтығы 1 минуттан аспайды, дыбыстық сүйемелдеуі қазақ тілінде
3Telegram арнасы https://t.me/qazaqstantvПост орналастыруҚазақ50 000Cурет(тер) jpg, png, файл өлшемі 5000 Кб-тан аспауы тиіс; видео mp4, ұзақтығы 1 минуттан аспайды, дыбыстық сүйемелдеуі қазақ тілінде; сипаттамасы қазақ тілінде 4000 таңбадан аспайды (бос орындарымен


Постты 24 сағатқа бекітуҚазақ25 000
*Қосымша жеңілдіктер қарастырылмаған


Орналастыру құны Телеарналардың барлық қолжетімді хабар тарату орталарында (эфирлік аналогтық, эфирлік цифрлық, жерсеріктік, сондай-ақ кабельдік операторлар арқылы және Интернет желісінде) трансляциялауды және ретрансляциялауды қамтиды.


Жасалған шарт бойынша Телеарналарда, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілердегі парақшаларда Үгіт материалдарын таратқаны үшін төлем жасау РТРК ұсынған төлем шоты негізінде, шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.


РТРК жазбаша өтініштерді 2026 жылғы 20 шілдеден бастап, 2026 жылғы 19 тамызды қоса алғандағы мерзімге дейінгі аралықта, демалыс және мереке күндерін есептемегенде, сағат 10:00 бастап сағат 18:00 дейін (жергілікті уақыт бойынша), (үзіліс уақыты – сағат 13:00 бастап сағат 14:30 дейін), төмендегі мекенжайлар бойынша қабылдайды:

✓ «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында және «QAZSPORT» телеарнасында, https://qazaqstan.tv/ сайтында және әлеуметтік желілердегі https://www.instagram.com/qazaqstantv және https://t.me/qazaqstantv парақшаларында орналастыру үшін Астана қ., Д. Қонаев көш., 4, 19 қабат, А.19.011 кеңсе-7, телефондар: 757 051, 757 052, 757 040, 757 049, 757 078, 757 150;

✓ «Kókshe» телеарнасында орналастыру үшін Көкшетау қ., М.Сағдиев көш., 19;

✓ «Qostanai» телеарнасында орналастыру үшін Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 126;

✓ «Qyzyljar» телеарнасында орналастыру үшін Петропавловск қ., Брусиловский көш.,1;

✓ «Ertis» телеарнасында орналастыру үшін Павлодар қ., Қ.Сұрағанов көш., 21;

✓ «Semei» телеарнасында орналастыру үшін Семей қ., Шұғаев көш., 157;

✓ «Altai» телеарнасында орналастыру үшін Өскемен қ., Стаханов көш., 70;

✓ «Saryarqa» телеарнасында орналастыру үшін Қарағанды қ., Жауынгер интернационалистер көш., 14;

✓ «Jambyl» телеарнасында орналастыру үшін Тараз қ., Сүлейменов көш., 6;

✓ «Ońtústik» телеарнасында орналастыру үшін Шымкент қ., Қазыбек би көш., 20 үй;

✓ «Qyzylorda» телеарнасында орналастыру үшін Қызылорда қ., Желтоқсан көш., 11;

✓ «Aqtobe» телеарнасында орналастыру үшін Ақтөбе қ., Т. Ахтанов көш., 54;

✓ «Aqjaiyq» телеарнасында орналастыру үшін Орал қ., Н. Сыдықов көш., 1А;

✓ «Atyraý» телеарнасында орналастыру үшін Атырау қ., Молдағалиев көш., 29;

✓ «Mańǵystaý» телеарнасында орналастыру үшін Ақтау қ., 24 ықшам ауданы, 8 ғимарат.


Жазбаша өтініштер факсимильдік және Интернет байланыс арқылы қабылданбайды.


«Қазақстан» РТРК» АҚ