«Театрдағы отбасылық бір күн». Абай армандаған «Толық адам» ілімі негізінде ата-аналар институтын қалыптастыру жобасы аясында театрда тағылымы мол бас қосу өтті. Адамгершілік қасиеттерді насихаттауға бағытталған бағдарлама 3 жылдан бері жұмыс істейді.
«Толық адам» Абайдың тілімен айтқанда нұрлы ақылдың иесі. «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі» адамның басты қасиеті ретінде бағалаған ғұламаның ілімін дәріптеу, отбасылық құндылықтарды насихаттау жобаның басты мақсаты. Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін облыстық білім басқармасы, инновациялық әдістемелік орталық ата-ана қауымын театрға жинады. Бұл ата-аналармен байланысты жақсартудың кезекті тәсілі ретінде таңдалған.
ЛУНАРА ӨТЕУОВА – ОБЛЫСТЫҚ АТА-АНАЛАР ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
Бұған дейін біздің облысымызда 303 мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары ашылған. Сол ата-аналарды педгогикалық психологиялық қолдау орталықтарының жұмысын көрсету мақсатында іс-шараның басында облысымыздың озық отбасылары жиналып театрдағы бір күн атты ерекше тамаша шараға қатысып жатыр.
Шара аясында «Ата мен әже», «Әке мен ана», «Аға мен жеңге» жобаларының жұмыстары қойылып, отбасылық қарым-қатынас мәселесін қозғайтын «Өкінішті өмір» спектаклі қойылды.
АЙДАР АБДУХАМИТОВ – ОБЛЫСТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ – ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Сонымен қатар осы Абай облысының драма театармен меморандумда болғандықтан бізде «Өкінішті өмір» атты үлкен отбасылық құндылықтарды дәріптейтін жақсы қойылым болады. Сол қойылымда осы отбасындағы қандай кикілжін нәрсе бар, қандай қиындықтар бар. Қиындықтан қалай арылып шығуға болады. Отбасылық бір ізділік, ынтымақ соның барлығын көзбен көруге бүгінгі біздің қатысушыларымыз көзайым болады деген сенім білдіреміз.
Тәрбиелік мәні бар жиынға Абай облысының білім беру ұйымдарынан мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, мектепке дейінгі тәрбие беру ұымдарынан 500-ге жуық өкіл мен ата-аналар қатысты