Абай облысы мәслихатының XXV кезекті сессиясы өтті. Оған аймақ басшысы Берік Уәли, мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, депутаттар, басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Сессия барысында өңірдегі әлеуметтік қолдау шаралары, Үржар мен Көкпекті аудандарында облыстық бюджет есебінен атқарылған жұмыстар, сондай-ақ жер комиссиясы құрамына өзгеріс енгізу және елді мекендерді көгалдандыру мәселелері талқыланды. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айман Нұрлыбек өңірдегі әлеуметтік сала бойынша баяндады. Сессияда Үржар және Көкпекті аудандарының әкімдері бейнережимде есеп берді. Облыс әкімі өңірде Жастар, сондай-ақ Туризм басқармалары құрылатынын жеткізіп, бұл аймақта туризмді дамытуға, жастардың бастамаларын қолдауға тың серпін беретінін айтты.
АЙНҰР АҚМЫРЗА-АБАЙ ОБЛЫСЫ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Үлгілік қағидаларға жасыл желектерді бекіту қағидаларының толық болмауына байланысты өзгерістер енгізу туралы шешім шығарылды. 4-тараудың 7-тармағында көзделген тізбе кеңейтілді, онда бізде қосымша 6 тармақ қосылды, бұл көпжылдық ағаштарды, бұталарды отырғызу, бір жылдық гүлзарларды орнату, ағаштарды кесу және көшіру жасыл желектерді түгендеу сияқты іс-шаралардан тұрады.
Сессия аясында депутаттық сауалдар жолданды. Олардың бірі Қарашоқы ауылындағы балалар лагеріне қатысты. Қазіргі күні жобаның 80% іске асқан.
ШАҒАНГҮЛ ЖАНАЕВА – АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Лагерь құрылысы 2023 жылы басталды, 24 жылы аяқталуы тиіс еді. Бүгінгі күні лагерь ғимаратының қабырғасы қаланып, төбесі жабылған, ішкі қабырғалары қаланған, терезелермен есіктер орнатылған, жалпы нысанның дайындығы 80 пайыз құрайды. Біздің өңірлік жол картасы бойынша 3 лагерь жоспарланған еді, соның біріншісі Қарашоқыда салынуы тиіс болатын. Бір лагерьдің салынуы 2 жылдан астам уақытқа айналып отыр, сондықтан артындағы екі лагерьдің ақшасы әліде берілмей тұр облысқа. Осыны назарыңазда ұстауыңызды сұраймын.
Силикат ауданын абаттандыру қозғалды. Тұрғындар ойын алаңдарында қоршаулардың жоқтығына шағымданады. Депутаттар халықпен кездесу өткізіп, шешу жолдарын сол жерде талқылауды ұсынды.
ҚУАНЫШ ҚАСЕНОВ-АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Бір үйдің алдында ғана жасалған. Қалғанның барлығы қалып кеткен. Қазіргі таңда балалардың ойнау алаңдарын салғаннан кейін де қоршауы жоқ, балалардың жолға шығып кетуіне қауіпі бар. +++ Осы мәселенің шешімін табуға сол жердегі тұрғындармен кездесуге сіздерді шақырамын. 01:05
Ұсыныстар ескеріледі, деді аймақ басшысы. Облыс әкімі Берік Уәли сессияны қорытындылай келе, депутаттардың "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына, сондай-ақ су тасқыны мен өрттің алдын алу шараларына қатысуының маңыздылығын атап өтті.
БЕРІК УӘЛИ –АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Өткен аптада мен халыққа бейнеүндеу жасадым, ол бастамаға баршаңыз, халық болып, қолдау көрсетіп жатыр. Өздеріңіз, депутаттар тарапынан қолдау көрсетесіздер деген сенімдемін. Бұл қоршаған ортаға деген қамқорлық, жауапкершілікті арттыратын мәселе. Осыған сіздердің тараптарыңыздан қолдау күтеміз.
Сессия қорытындысы бойынша басқармалар мен аудан әкімдіктеріне нақты тапсырмалар берілді.