Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Абай облысына жұмыс сапарымен келді. Министр аймақ басшысы Берік Уәлимен бірге Семей қаласындағы бірқатар білім беру мекемелерін аралап, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.
Министр сапар барысында қаладағы «Балдәурен» балабақшасына барды. 1988 жылы салынған бұл бөбекжайда бүгінде 64 адам еңбек етеді. Қазіргі таңда балабақшаның материалдық-техникалық базасын нығайту қажеттілігі туындап отыр. Бұл бағытта облыс әкімі балабақшаға қажетті қолдау көрсетілетінін айтты. Министр сала мамандарының бала тәрбиесіндегі еңбегі ерекше екенін айтып, оларға алғыс білдірді.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ- ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ
Барлықтарыңызға табыс тілеймін. Президенттің айтқанын естіп жатырсыздар. Былтыр айтты ғой тамаша сөзді, Менің басты міндетім ұстазды елімізде төрге шығару деп. Сондықтар барлық дүниені мемлекет жасап жатыр айлықты да көтеру жағынан. 30 пайызға біз өсірдік былтырдан. Сіздердің еңбектеріңізді білеміз, бағалаймыз, әрі қарай шаршамай шалдықпай, мәртебелеріңізді әрі қарай өздеріңіздер де көтеріп, жақсы жұмыс істей беріңіздер 0055
Сондай-ақ министр жаңа оқу жылы қарсаңында пайдалануға берілетін №52 жаңа мектептің құрылысымен де танысты. 600 орынға арналған бұл білім ұясы «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтеруде. Бүгінде Семей қаласындағы 19 мектепте 4000-нан астам орын тапшылығы бар. Білім ұясы бұл мәселені едәуір жеңілдетпек.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ- ҚР ОҚУ-АҒАРУ МИНИСТРІ
Жалпы, Келешек мектептерінің құрылысының оң жүріп жатқандығын көрдім. Енді біз инфраструктуралық өте жоғары деңгейде жасалып жатқаны белгілі. Бірақ біздің келесі қадамымыз оның мазмұны, оның сапалы білім беруіне қарай бағыттау жобаларын қолға алып жатырмыз.
Одан кейін министр Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжде білім саласының өкілдерімен кездесті. Жиында аймақ басшысы Берік Уәли облыстағы апатты мектептердің жағдайына тоқталды. Бүгінгі таңда Абай облысында үш апатты мектеп бар. Олардың екеуін жаңарту жұмыстары басталып кеткен. Облыс әкімі министрден осы мәселелерді шешуде қолдау көрсетуін сұрады.
БЕРІК УӘЛИ- АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Біздің облысымызда өзіңізге жаңа баяндағанымдай қазіргі таңда 3 апатты мектеп бар. Оның бірі осы қалада орналасқан 11-ші мектеп. Сапарыңызды сол мектептен бастап өзіңіз жай күйімен таныстыңыз, көрдіңіз қандай жағдайда екенін. Ал енді тағы да қалған екі мектепті біз ол біреу Суықбұлақтағы Жарма ауданындағы мектеп. Оның іргетасын капсуласын салып, біз қазіргі таңда 100 орындық мектеп болғаннан кейін қазір оның біз жұмысын, құрылыс жұмыстарын бастап кеттік. Екінші мектеп ол Ақсуат ауданындағы апатты мектеп. Ол Екпін ауылындағы мектеп, оның да жұмысын біз өзіміздің күшімізбен бастаймыз. Ал енді министрілік тарапынан 1200 орындық үлкен мектеп, ол 11-ші , қаладағы мектептің құрылысына осы министрлік тарапынан қолдау болса деген үмітіміз бар.0243
Министр облыс әкімінің ұсыныстарына қолдау болатынын айтты. Аймақ басшысымен бірлесе отырып, өңірдегі білім беру мекемелерінің инфрақұрылымын дамыту бойынша арнайы жоба жасақталатынын жеткізді. Жоспарға сай алдағы бірнеше жылда Абай облысында ескі, апатты мектептердің ешбірі қалмайды.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ- ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ
Аралап көріп жатып бірге ақылдасып жатырмыз. Негізі әкіммен бірге біз осы өңірдің өте бір шұғыл инфраструктуралық арнайы жобасын құруды жоспарлап отырмыз. Оны жуық арада бекітеміз деп ойлаймыз. Яғни 3 ары кетсе 4 жылдың ішінде бұл киелі Абай өңірінде, Абайдың ұрпақтары оқитын осынау киелі топырақта ескі бірде бір білім ғимараты болмаса екен деген үмітпен жасағалы отырмыз. 0306
Бұған дейін Мемлекет басшысы елімізде мектептерді қайта жаңғырту, реновациялау жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл сапарында осы тапсырманың өңірде қалай орындалып жатқанымен танысты. Сондай-ақ Президенттің тапсырмасына сәйкес елдегі мектептердің жанынан спорт алаңдарын салу жұмыстары басталмақ.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ- ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ
Бұған дейін Президент 1300 мектепті ренавациялау бағытында тапсырма берген болатын тұғын. Осы жұмыстың атқарылу барысымен танысу және жалпы осы қолдауды әрі қарай дамыту бағытында біз біраз талқылау өткіздік. Бұдан бөлек Президенттің тапсыруыменен елімізде 100 мектептің жанынан арнайы спорт алаңын ашу тапсырылған болатын тұғын. Соның бірнешеуі осы Абай облысы өңірлеріндегі ауылдарда орын тебетін болады. Соны да қазір біз әкіммен бірге талқылап отырмыз.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев сапар барысында аймақтың білім саласына қатысты бірқатар маңызды мәселені көтерілді. Министр өңірдегі білім мекемелерінің жағдайымен танысып, инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға келісім жасады. Алдағы уақытта Абай облысында ескі ғимараттар жойылып, балалар жаңа, заманауи білім ордаларында оқитын болады.
А.ӘЛИХАНОВА