Ертең, 28 маусым, сағат 18:00-де Ф.Достоевский атындағы орыс драма театрының сахнасында "Печорин"спектаклінің премьерасы өтеді. Театр осы қойылымдары арқылы өздерінің жемісті 87 –ші маусымын аяқтауды көздеп отыр. Ендеше, өнер ұжымының шынайы туындысынан куә болудан қапы қалмаңыз.

"Печорин" трэвэл-драмасы-Михаил Лермонтовтың "Біздің заманымыздың батыры" шығармасы және Нина Садурдың "Печоринді еске алу" заманауи пьесасы негізінде әзірленген. Жоба Санкт-Петербургтің Сыртқы байланыстар комитеті, "Балтық үйі" театр-фестивалі және шетелдегі орыс театрлары қайраткерлерінің қауымдастығы ұйымдастырған "Петербург театр шеберханалары 2025" аясында жүзеге асырылуда.

РАУШАН ТАНЫСБАЕВА –Ф.М.ДОСТОЕВСКИЙ АТЫНДАҒЫ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Біз ұзақ уақыт бойы спектакльге театр маусымын жабуға арналған тақырыпты таңдап, Печериннің қойылымына тоқталдық. Бұл шығарма әр жастағы кез-келген көрермен үшін қызықты классика.

Спектакльдің режиссері Екатерина Шихова. Екатерина Гофман көркемдік дизайнмен жұмыс жасады. Ал, композитор Ярослав Жуков болды.

ЕКАТЕРИНА ШИХОВА – РЕЖИССЕР
Біз Печорин спектаклі үшін Лермонтовтың шығармасы және заманауи драматург Нина Садурдың сахналауымен жұмыс істейміз. Мен үшін бұл спектакль — кейде өміріміздегі ең маңызды нәрсені байқамай, оны жоғалтып алатынымызды, өмірімізді бекер құмарлықтың соңынан қууға арнап, жанымызды қажетсіз нәрселерге ысырап ететінімізді көрсетеді. Ал шын мәнінде ең маңыздысы көзден таса болып кетеді. Маған маңыздысы — бұл спектакль сәтті шығып, осы ой көрерменге дұрыс жеткізілсе екен.»

Қоюшы-суретші Екатерина Гофманның айтуынша, спектакльдің көрнекі тілі-Пятигорск курорттық атмосферасы мен кейіпкерлер арасындағы ішкі шиеленістің күшеюін біріктіретін шартты кеңістік.

ЕКАТЕРИНА ГОФМАН – ҚОЮШЫ СУРЕТШІ
Мен тарихи драма жасамадым, мүлдем қазіргі заманға, суреттің бір бөлігіне және мәтіндегі кейбір сәттерге барғым келмеді, сондықтан біз дизайн ойлап таптық. Яғни, Нина Садур өте дәл сипатталған.

Басты рөлдерді орыс драма театрының актерлері сомдайды. Дайындықтың тығыз кестесіне қарамастан, спектакль әртістер үшін де, көрермендер үшін де "мағынаға толы" болады. "Печорин" қойылымы Мурманск, Санкт-Петербург және Қызылорда қалаларында өтетін үш халықаралық фестивальге қатысуымен әрі маусымды аяқтауымен есте қалмақ. Премьера ертең, 28 маусым сағат 18.00-де басталады.


Ерзат Жанатұлы