«Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы пікір алмасудың алаңы, нақты шешімдер қабылданатын орта және өңір дамуының бағытын айқындайтын бетбұрыс кезеңі болды. Форумдағы маңызды тақырыптардың өзге де тұстарына тоқтала кетейік.
Инвестфорумда облыс әкімі Берік Уәли өңірде бірқатар жобалардың қолға алынатынын айтты. Басты бағыт облыс орталығы Семей қаласын дамыту. Ұзақ жылдар бойы назардан тыс қалған Семей Абай облысының құрылуымен қайта серпілді. Жақын арада «Смарт Сити Семей» жобасы жүзеге асырылмақ, Берік Уәлиұлы бұл жобаны таныстырып, 7 бағыт бойынша байқау рәсімдерінің басталуына жол ашты. Алда атқарылатын жұмыс ауқымды. Жергілікті кәсіпкерлер де айтылған жоспарларды іске асыруға дайын екендіктерін жеткізді.
АСХАТ ЖАНҰЗАҚОВ – КӘСІПКЕР
Әрине, бұл форум қалада не істеу керек, оған қалай пайдалы болуға болады, не жасау қажет екенін түсіну үшін өте пайдалы. Бұл инвестициялық форум болғандықтан, инвестициялар қай салада және қай бағытта болатынын білуіміз керек. Біз өзіміз де қаржы құюға дайынбыз. Менің ойымша, біз осының бәрін одан әрі дамыту үшін не істеуіміз керек екенін ойланамыз. Егер өндіріс, қайта өңдеу саласында ауқымды инвестициялар тартылатын болса, біз тек қаржылай ғана емес, инфрақұрылымдық жағынан да қалай көмектесе алатынымызды білуіміз керек.
Инфрақұрылым жайлы айтқанда, қаланың ең ірі серіктестерінің бірі – KAZ Minerals компаниясын атап өтпеуге болмайды. Аталған компания Семей қаласының дамуына белсенді түрде инвестиция салып келеді. Бүгінгі таңда олар бірнеше жобаны іске асырды, олардың қатарында – қаланың сол жағалауындағы көпір астындағы кеңістікті қайта жаңғырту, ІТ мектептің құрылысы, сондай-ақ Үшкемпіров атындағы спорт кешенінің құрылысына салынған инвестициялар бар. Бұл атқарылған жұмыстардың тек шамалы бөлігі ғана. KAZ Minerals тобының корпоративтік байланыстар департаменті менеджерінің айтуынша, олар қалада жаңа нысандар салуға инвестиция салуға дайын.
ЕРМЕК ДҮЗКЕНОВ – KAZ MINERALS ТОБЫ КОРПОРАТИВТІК БАЙЛАНЫСТАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ
«Абай облысы --- қол қойылды»
Форум барысында шетелдік инвесторлар да өңірімізге қаржы құюға қызығушылық танытқанын атап өткен жөн. Көлік-логистикалық әлеует пен шикізатты қайта өңдеу саласындағы бос орындарды ескере отырып, қазірдің өзінде бірнеше жоба іске асуда. Олардың қатарында – ағаш өңдеу кешені, чиптер мен электрондық жабдықтар шығаратын зауыт, сондай-ақ Шақаман ауылы маңындағы жаңа ет комбинаты бар. Аталған жобалардың табысты жүзеге асырылуы Абай облысының экономикалық көрсеткіштерін нығайтып, оны инвестиция тарту саласындағы белсенді өңірлердің біріне айналдырады.
АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА