Бүгін мемлекеттік қызметшілер күні. Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындайтын қызметкерлердің қызметі. Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, сондықтан кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие. Бүгін айтулы кәсіби мерекеге орай Абай облысының әкімі Берік Уәли арнайы жиын өткізіп, қиындығы мен жауапкершілігі мол сала мамандарын құттықтады. Жиында сөз алған әкім мемлекеттік қызмет абыройлы міндет екенін еске салды. Бір топ мемлекеттік қызметшілер Алғыс хат, төсбелгілермен марапатталса, облыстық «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» сайысының жеңімпаздарына да лайықты құрмет көрсетілді.
ЕРКЕБҰЛАН ТҰРСЫН, АБАЙ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында осындай марапатқа ие болып отырғанымызға өте қуаныштымыз. Азаматтарды жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру барысында қарқынды жұмысымызды жалғастыра береміз. Әрбір мемлекеттік қызметшіні осы мерекемен құттықтаймыз. Жұмысымызды ары қарай жалғастырып, Абай облысында әрбір тұрғынға сапалы қызмет көрсетуге дайын екенімізді айтқымыз келеді.
ДИНАРА МАРАТҚЫЗЫ, ЖАРМА АУДАНЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Бүгінгі мемлекеттік қызметшілер күнімен барлық мемелекеттік қызметшілерді құттықтай отырып, жұмыстарыңызға сәттілік, табыс және мемлекетпен билік арасындағы осындай алтын көпір қызметінде толағай табыстарға жете берейік.