Балаға сапалы білім беруде мектептердің материалдық –техникалық базасының талапқа сай болуы аса маңызды. Жыл сайын қазынадан бөлінетін қомақты қаржыға өңірдегі білім мекемелерінің ескіргені жаңартылып, бүлінгені бүтінделеді. Биыл облысымызда 12 мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде. Алдағы материалымызда осы жұмыстар жайлы айтпақпыз.

Күрделі жөндеу алғаш рет қолға алынған білім ұяларының бірі Семейдегі № 25 орта мектеп. 1973 салынып, пайдалануға берілгелі жарты ғасырдан асса да, күрделі жөндеу болмаған. Жыл сайын ағымдағы жөндеумен жамап-жасқаудан ғана өтеді. 500 –ден аса оқушы тәлім алатын білім ошағының шатыры алғаш рет толық ауыстырылып жатыр.

НҰРЛАН НАШИРБЕКОВ, №25 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
Стропиланың бәрі тозған. Әбден шіріген.Стропиланың бәрін пропиткадан өткізіп, противопожарный пропитка дейді. Пропиткадан өткізіп, одан кейін жаңа стропила әкеліп, қайтадан санап, одан кейін кровельный черепица дейді ғой смета бойынша 4 мм қалыңдықта болған. Енді мына подрядчикке рахмет біздің өтінішімізді естіп 5 мм қоятын болды. Ол сапалы болуы керек қой.

Мектеп директоры шатыр ауыстырудан бөлек оқушы мен ұстаздарға қолайлы жағдай жасау үшін өзге де ағымдағы жұмыстар жасалғанын айтты. Оның ішінде әр кабинетке су тартылып, қол жуғыштар орнатылған. Спорт залда ерлер мен қыздар үшін жеке санузел, қол жуғыш қойылып, жуыну бөлмесі жабдықталған. Сыныптардағы сырлау, әктеу сияқты жұмыстар жылдағыдай атқарылуда. Ал, 1 маусымда басталған шатырды ауыстыру жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр.

НҰРЛАН НАШИРБЕКОВ, №25 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
Графигі бар. Жұмысшылары бар. Мамандар арнайы стропильщик, кровольщик дейді, каменщик дейді бәрі өз жұмыстарын істеп жатыр. Бүгінгі күнге 20 пайыз жұмыс орындалды. Егер бәрі сәтімен болса, жұмыс осы бабымен жүре берсе 31 июльге дейін біз бәрін бітіруге міндеттіміз.

Қалалық білім бөлімінің ақпаратына сәйкес, 25 мектептен өзге №1 және 32 мектепте де күрделі жөндеу жүргізілуде. Сонымен қатар № 49 мектептің қазандығын күрделі жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге де қаржы бөлінген. 13 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізуге келісімшарттар жасалса, тағы 13 мектеппен келісімшарт жасасу сатысында тұр.

ГҮЛНҰР ҚАТАЕВА - МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОРТА БІЛІМ БЕРУ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Мектептердің күрделі жұмыстарына 495 млн теңге салынған. Оның ішінде шатыр жөндеу, кәріз, су құбырларын, электр жүйесін құруға. Жалпы мектептердің күрделі жұмыстары біздің білім бөлімі тарапынан қатаң бақылауға алынған.

Жаз мауысымындағы жұмыстар Семей қаласымен ғана шектелмейді. Аягөз, Бесқарағай, Жаңасемей, Үржар аудандарындағы 9 білім мекемесінің ғимараты, шатыры, электр желілері күрделі жөндеуден өтеді. Ал ағымдағы жөндеу облысымыздың барлық аудандарын қамтиды. Ол үшін жергілікті бюджет пен оқушы басына қаржыландыру есебінен қаражат бөлініп, 85 мектепте 132 жоба жүзеге асырылмақ.


Ермек Исабаев