Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Семей қаласында «Адал жол – таза жүрек» ұранымен марафон өтті. Спорттық шара мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Жарыс Абай атындағы халықаралық әуежай аумағында өтті. Марафонға Семей қаласының мемлекеттік мекемелерінен 150 қызметкер қатысты. Шараны Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Сана» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Қатысушылар 5 және 10 шақырым қашықтықта жарысты. Марафонның ашылу салтанатына Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
БЕРІК УӘЛІ – АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Біздің мақсатымыз ---- сәттілік серік болсын
Соңғы жылдары Семей қаласында бұқаралық спорт қарқынды дамып келеді. Соның ішінде жүгіру спорты ерекше танымалдылыққа ие болып отыр. Марафондар мен жүгіру жарыстары қаланың қоғамдық өмірінің маңызды бір бөлігіне айналды. Әр өткізілген шараға қатысушылар саны үздіксіз артып, тұрғындардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығы айқын көрінуде.
Жүгіру – денсаулық кепілі. Барлық мемлекеттік қызметшілерді жүгіруге шақырамын.
Аптасына 120-130 шақырым жүгіреміз. Осы жарыста жүлделі орынға ие боламын деп ойлаймын. Мықтылар көп. Госоргандардың балалары қазір жақсы жүгіреді.
Бір рет 21 км-ге қатысқам. Көреміз енді бүгін. Арнайы дайындық болған жоқ былай енді. Аяқ астынан келіп қатысып жатырмыз.
Марафон қорытындысы бойынша әр санатта I, II және III орын алған жеңімпаздар дипломдармен және медальдармен марапатталды. Сонымен қатар, белгіленген уақытта мәреге жеткен алғашқы 30 қатысушыға арнайы медальдар табыс етілді.
АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА