Семейде жақында заманауи талапқа сай қонақ үй желісі, әлемдік деңгейдегі мейрамхана ашылады. Бұл маусым айында Абай елінің дамуына арналған «Туған жерге туыңды тік» атты инвестициялық форумның жемісі. Жиын Семейге инвестиция салуға дайын кәсіпкерлердің басын қосқан еді. Атағы алысқа кеткен, іскер топтар мен бизнес өкілдерінің өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуына тың серпін беретін жобаларына облыс әкімі қолдау білдіретінін айтқан. Иә, инвест форум Абай елінде бизнестің дамуына даңғыл жол ашты.