Сенбі күні «Арена» спорт кешенінде «Семей» футзал клубы Қазақстан чемпионатының 28-туры аясында оралдық «Бәйтерек» командасын қабылдады. Тартысты кездесуді көпшілікпен бірге облыс әкімі Берік Уәли тамашалады. Атап өтерлігі, матч барысында облыс жастары жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған акция ұйымдастырды. Оған 5 мыңға жуық адам жиналды