«Дала даналығының үні» 26.02.2026 18:04 Бүгін Семейде қазақтың көрнекті биі Кеңгірбай Жандосұлына арналған «Дала даналығының үні» атты мүшәйра өтті. Тағылымды кеште аймақтың бірқатар өңірінен жиылған жыр жүйріктері бақ сынап, өнер көрсетті.