Ақсуат ауданы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша өсу қарқыны тұрақты өңірлердің бірі. Өткен жылы, өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 900 млн теңгені құрапты. Бұл облыс аудандары арасындағы 3-ші көрсеткіш. Осы және өзге де мәселелер Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.