Жалпы ұлттық коалиция мүшелері Шәкәрім университетінде жергілікті ғалымдармен және студенттермен жүздесті. Кездесу барысында жаңартылған Конституцияның басты қағидаттарын, ұстанымдары мен жаңашылдықтары туралы айтылды. Ата Заңның жаңарған құрылымында білім беру мен ғылым саласында ерекше мән берілуі - аса маңызды шешім. Конституциялық деңгейде білім мен ғылымның басым бағыты ретінде айқындалатыны мемлекетіміздің зияткерлік әлеуетін арттыруға, инновациялық даму жолына түсуіне және жаһандық бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл ең алдымен сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етуге, академиялық еркіндікті дамытуға және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін арттыруға бағытталған.