Курчатов қаласының әкімі 2025 жылдың қорытындыларын жариялады. Оның сөзінше, алдағы уақытта қалада қуаттылығы 700 мегаватт болатын электр стансасы мен көмірді терең өңдейтін көмір-химия кешенінің құрылысы басталады. Сондай-ақ қала көшелері мен аулалары толық асфальтталып, жарықтандыру жүйесі жүз пайыз жаңартылды.