Жаңа ата заң жобасын түсіндіру бойынша жиын Әлихан Бөкейхан университетінде өтті. Коалиция мүшелері Ата Заңға енгізілетін негізгі өзгерістерді студенттер һәм профессорлық-оқытушылық құраммен талқылады. барысында коалиция өкілдері жаңартылған Конституцияның басты қағидаттарына жан-жақты тоқталып, оның ұстанымдары мен жаңашылдықтары туралы баяндады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, білім беру, ғылым және инновацияны дамыту жайы, сондай-ақ, ел болашағын қалыптастырудағы жастардың рөлі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жастар қоғамның ең белсенді әрі прогрессивті бөлігі. Сондықтан олар ұсынылған өзгерістердің мәнін терең түсініп, референдумға саналы түрде қатысуы маңызды екені айтылды.