Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестиция тарту, экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту және өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмалары бойынша аймақта жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Бүгін Семейде Абай облысының өңірлік инвестициялық штаб отырысы өтті. Жиынға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров қатысты.