Негізгі Жаңалықтар Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Аягөз ауданының Қопа ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Спорт нысаны KAZ Minerals тобы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры және мемлекеттің қолдауымен салынды. Ғимарат құрылысы 2023 жылдың жазында басталған. Кешеннің жалпы аумағы 1 320 шаршы метр. Қажетті спорттық жаттығулармен жабдықталған. Мұнда дзюдо, қазақ күресі, волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, гимнастика және түрлі жаттығулармен айналысуға болады. Салтанатты ашылу рәсіміне Абай облысының әкімі Берік Уәли, KAZ Minerals Management компаниясының басқарма төрағасы Айжан Балабатырова және ауыл тұрғындары қатысты.                                                                    

Бөлісу