Аймақтағы цифрлық бастамалар
Цифрлық технологиялар – елдің ертеңін айқындайтын маңызды бағыттардың бірегейі. Бүгінде Абай облысында бұл салаға тың серпін беретін жобалар қолға алынып, жас мамандар жаңа шешімдер ұсынып келеді. Жасанды интеллект, робототехника, бағдарламалау және цифрлық қызметтер жастардың білімін тәжірибемен ұштастырып, нәтижесінде нақты өнімге айналады. Олардың қатарында күнделікті жұмысты жеңілдететін сервистерден бастап, білім беру тәсілін өзгертетін стартаптарға дейін бар. Тілші тарқатсын.