Тарихты түгендеген тау тұлға - 90 жаста
Шежіреші, этнограф, өлкетанушы Молдабек Жанболатұлының туғанына 90 жыл толуына орай «Ес-аймақ» орталығында облыстық конференция өтті. Жиында тау тұлғаның ел мұрасын түгендеудегі еңбегі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қосқан үлесі, оның кейінгі ұрпаққа қалдырған мол мұрасы баяндалды.