Негізгі Жаңалықтар Тұрсынғазы Рахимовтың ән мұрасы

Тұрсынғазы Рахимовтың ән мұрасы

Қазақтың дәстүрлі ән өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған сазгер Тұрсынғазы Рахимовтың әндері - ұлттық руханияттың асыл қазынасы. Семейде өнер иесінің 75 жылдығына арналған республикалық ән байқауы өтті. Екі күнге созылған додаға еліміздің әр өңірден келген өнерпаздар қатысып, сазгердің шығармаларын орындады. Мерейтой аясында оның өмірі мен өнер жолына арналған сахналық қойылым да көрерменге ұсынылды.

Бөлісу