Қазан - сүт безі обырына қарсы күрес айы
Жыл сайын қазан айында сүт безі қатерлі ісігіне қарсы ақпараттық науқан өтеді. Қазақстанда бұл кесел ең көп тараған онкологиялық ауру боп, көш басында тұр. Өткен жылы 5 мыңнан астам астам әйелге дәл осы диагноз қойылған. Мамандар бұл кеселдің жасарып бара жатқанын айтады. Дегенмен елімізде барлық қажетті емдеу құралдары қолжетімді. Тегін маммографиялық скринингтен өтуге болады