Елін сүйген ұрпақ
«Жас Айбын» әскери-патриоттық клубының қатарына жаңа мүшелер қабылданды. Шәкәрім атындағы №5 гимназияның 5-сыныптағы 28 оқушысы салтанатты түрде ант берді. Жас айбындықтар Отанға адал қызмет етуге, тәртіп сақтап, мектеп абыройын биік ұстауға серт етті.