Негізгі Жаңалықтар Құрбанғали Халидиді тану: түркі әлемінің құнды мұрасы

Құрбанғали Халидиді тану: түркі әлемінің құнды мұрасы

Аягөз ауданында ғылыми және мәдени маңызды оқиға өтті. «Құрбанғали Халиди: тарих, таным және тағылым» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференцияға жетекші ғалымдар, тарихшылар, шығыстанушылар және қоғам қайраткерлері қатысты. Аягөз ауданының тумасы, көрнекті тарихшы әрі ойшыл Құрбанғали Халидидің 180 жылдығына арналған ауқымды ғылыми жиынға Түркиядан және Қазақстанның бірнеше өңірінен келген зерттеушілер бас қосты

Бөлісу