Негізгі Жаңалықтар Семейде қоқыс полигоны салынады

Семейде қоқыс полигоны салынады

 Семей қаласында жаңа заманауи қоқыс полигонын салу жобасы әзірленді. Оның құны 8,97 млрд теңге. Құрылысқа 100 гектар жер учаскесі бөлінді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице - министрі Нұркен Шәрбиев Абай облысының тұрғындарымен кездесуде айтты. Вице – министр салада атқарылып жатқан жұмыстарға жан – жақты тоқталды. Азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді.  

Бөлісу