Құтыру ауруы – аса қауіпті дерт
Биыл өңірде жануардың тістеуі, тырнау мен сілекейлеуі салдарынан 1099 адам медициналық көмеккке жүгінген. Олардың барлығы дерлік құтыру ауруына қарсы екпе алды. Былтыр ел бойынша 3 адам осы дерттен көз жұмды. Оның бірі Абай облысының тұрғыны. Науқас медициналық көмекке кеш жүгінген. Жануар тістеген соң бір айдан кейін дәрігеге барған. Уақытылы вакцина алмағаны тағы бар. Жануар тістеп немесе тырнап алған жағдайда бірден медициналық мекемеге жүгіну қажет, дейді маман.