«Ертіс: достық өзені – даму өзені»
Павлодарда «Ертіс: достық өзені – даму өзені» екінші халықаралық форумы өтті. Оған Қазақстан мен Ресейдің Ертіс бойындағы өңірлерінің басшылары бастаған делегациялар қатысты. Күн тәртібінде сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көлік-логистикалық әлеуетті арттыру және өзен экожүйесін сақтау мәселелері болды. Абай облысынан форумға 50-ден астам адам қатысты