Аймақтағы автожолдар жаңарып жатыр
Аймақта автомобиль жолдары инфрақұрылымын және жолаушыларды тасымалдау саласын дамыту ісінде ілгерілеу бар. Биыл облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу бойынша 39 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың дені аяқталу шағында. Ал Семей қаласы бойныша асфальт төселген көшелер үлесі 50% ға дейін жеткізілді. Сондай-ақ, Абай облысында автожолдардың жағдайын бағалау мен жөндеу жұмыстарын бақылау үдерісі цифрлық форматқа көшіріліп жатыр. Осы және өзге мәселелер өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте талқыланды.