Берекелі өлке - баянды даму
Абай ауданында жыл басынан бері әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған жұмыстар жалғасып, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру және ауданның әлеуетін тиімді пайдалану бағытында атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баяндады.