Журналистика ардагерімен кездесу
Журналистика мамандығына енді қадам басқан студенттер «SEMEI» телеарнасында Қазақстан журналистер одағының мүшесі, танымал медиа менеджер Фатима Бегенбаевамен кездесті. Қазақ телевизиясының дамуына елеулі үлес қосқан тележурналист жастарға еңбек жолы мен шығармашылық тәжірибесі туралы айтып, кәсіби кеңестерімен бөлісті. Кездесу еркін әңгіме форматында өтіп, болашақ журналистер көкейіндегі сауалдарын қойды.