Бесқарағайда өрт сөндіру бекеті ашылды
Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Бесқарағай ауданына барып, Глуховка ауылдық округіндегі «Стелла» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Қазір шаруашылықта күзгі жиын – терін қызу. Биыл тұрақтандыру қорына 400 тонна өнім өткізу жоспарланған. Бесқарағай ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аудан еңбеккерлері картоп, бақша және көкөніс дақылдарын өсіруге басымдық беруде. Облыс әкімі ауыл шаруашылығын дамыту және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту маңызды екенін атап өтті. Аймақ басшысы Дөңгелек орман шаруашылығында өрт сөндіру бекетінің ашылуына қатысты. Бесқарағай ауданынан әріптесім Арайлым Әлиханова ақпарат жеткізсін