Жылыту маусымы: өрт қауіпсіздігі күшейтілді
Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті жылыту маусымы алдында өрт қауіпсіздігі бойынша алдын-алу жұмыстарын бастады.Сала мамандары облыс тұрғындарына нұсқаулықтар таратып, өрт қауіпсіздігін барынша сақтауға шақырды.