Негізгі Жаңалықтар Облыс әкімі Бородулиха ауданы тұрғындарымен кездесті

Облыс әкімі Бородулиха ауданы тұрғындарымен кездесті

Бүгін облыс әкімі Бородулиха ауданының тұрғындарымен кездесті. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ақпараттандырып, алдағы жұмыстарды баяндады. Ауданда 17 ауылдық округ, 1 кенттік округ, 1 кент және 48 ауыл бар. Аудан бюджеті 2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте меншікті кірістер бойынша 114,5% - ға орындалған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 412,9 млн. теңгеге артық. Аудан экономикасының негізгі бағыттары: ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп. Өңірдің тауарлық өнім көлемі бойынша өнеркәсіп құрылымы тау – кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, электр энергиясын өндіру, сумен жабдықтау және су бұру жүйесінен тұрады. Аймақ басшысы өзекті мәселелер ретімен шешіліп жатқанын айтты. Соның бірі аудан ауруханасының қызметі үшін көлік тапшылығы болатын. Бүгін облыс әкімі медициналық мекемеге 3 медициналық қызмет көлігінің кілтін тапсырып, мәселе шешімін тапты. Өзекті тақырыптың бірі аумақ тазалығы. Бұл ретте әкім жұмысты ширатуды тапсырды.                                                                                      

Бөлісу