«Қызғылт қазан» акциясы аясындағы флешмоб
Қызғылт түс- сүт безінің қатерлі ісігімен күрес белгісі. Семейде «Қызғылт Қазан» акциясының аясында Арбатта флешмоб өтті. Қатысушылар әйелдерді денсаулығына жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексерулерді қалдырмауға шақырады. Айлықтың мақсаты дерттің алдын алу туралы тұрғындарды ақпараттандыру.