Alikhan Bokeikhan University сержанттарына әскери билеттері тапсырылды
Республика күні қарсаңында Alikhan Bokeikhan University Әскери кафедрасының запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша білім алған түлектеріне әскери билеттер мен погондарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Маңызды күн Отан қорғаушылардың жас буыны, олардың тәлімгерлері мен ата-аналарының басын қосты.