Азық-түлік бағасын тұрақтандыру
Абай облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Өңірде өнім қорын қалыптастыру, сауда орындарындағы бағаны бақылау және отандық өндірушілерді қолдау шаралары қолға алынған. Дегенмен, кейбір тауарлардың бағасы әлі де өсіп отыр. Бағаны тежейтін қандай тетіктер бар? Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде айтылды.