Жас сарбаздар отан қорғауға аттанды
Бейбітшілік аралындағы Рәміздер алаңында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанғалы тұрған жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Берік Уәли арнайы қатысты. Бүгін 60 сарбаз Ұлттық ұлан мен Ұлттық қауіпсіздік комитеттінің Шекара қызметі қатарын толықтырады. Қазір күзгі әскерге шақыру науқаны да жүруде. Оның аясында өңірден 700-ден астам сарбаз әскерге аттанбақ.