Қыркүйектің екінші жексенбісі – отбасы күні
Елімізде 7-13 қыркүйек аралығында өтетін Отбасы күніне арналған апталық басталды. Отбасы күні дәстүрлі түрде қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтеді. Абай облысында екі жүз мыңға жуық отбасы бар. Оның ішінде он тоғыз мыңға жуығы көпбалалы отбасы. Өңірдегі көпке үлгі болып отырған отбасылардың бірі – Қайдаровтар әулеті. Тәрбие мен дәстүр сабақтастығын сақтаған, ұлттық құндылықтарды дәріптеген отбасы жуырда «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінде жеңімпазы атанды.