Жаңа автобустар жолға шықты
Қаланың қоғамдық көліктерінің қатары су жаңа 20 автобуспен толықты. Жалпы, қалаішілік қоғамдық көліктерді жаңарту күн тәртібінен әсте түскен емес. Облыс әкімі Берік Уәли үнемі назарда ұстайды, бұл мәселені. Биыл 110 автобус сатып алу жоспарланған. Оның 81-і шаһар көшелерінде жүйткіп жүр.