Облыс әкімі сенбілікке қатысты
Облыс әкімі Берік Уәли «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Сенбілікке 10 мыңнан астам тұрғын шықты. Қала аумағынан 1 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды. Жұмыстарға 32 арнайы техника жұмылдырылды.