Негізгі Жаңалықтар Татулыққа ұйытқы болған тұлға

Татулыққа ұйытқы болған тұлға

Абай облысының қоғамдық келісім саласына ұзақ жылдар еңбек еткен Надежда Шарова зейнет демалысына шықты. Ол ұстаздықтан бастап мемлекеттік қызметке дейінгі жолдан өтіп, Семей қаласы әкімінің орынбасары, аудандық газеттің бас редакторы, қалалық және облыстық Достық үйлерінің директоры қызметтерін атқарды. Өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласқан білікті басшыны әріптестері мен аймақ басшылығы арнайы шығарып салды.

Бөлісу