Шаһар шырайы қалай өзгеріп жатыр?
Қаламыздың тыныс-тіршілігі тұрғындардың күнделікті өмірімен тығыз байланысты. Көше, жол, аула, инфрақұрылым нысандары уақыт талабына сай жаңарып, қала тұрғындарының қажеттілігіне қарай өзгеріп келеді. Соңғы жылдары Семейде қаланы дамыту және абаттандыру бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда. Бұл өзгерістер шаһардың жылдан-жылға жаңарып, көркейе түсуіне әсер етуде. Ал семейліктер бұл өзгерістерге көзқарасы қалай? Қаладағы қандай жаңаруларды маңызды деп санайды? Олардың пікірінше, әлі де қай мәселелерге көңіл бөлу қажет? Осы сауалдарға жауап алу үшін қала тұрғындарының пікірін білдік.