Негізгі Жаңалықтар Жұмысшы мамандарға сұраныс жоғары

Жұмысшы мамандарға сұраныс жоғары

Еңбек мобильділігі орталығының басты мақсаты – адамды жұмысқа орналастыру ғана емес, оның еңбек нарығында өз орнын табуына мүмкіндік жасау. Абай облысының еңбек нарығында үлкен өзгерістер күтілуде. Алдағы алты жылда өңірге 21 бағыт бойынша 16 мыңнан аса маман қажеттілігі болжанып отыр. Кадр тапшылығы әсіресе агроөнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында, жұмысшы мамандықтарда, сондай-ақ медицина және білім беру салаларында байқалады.Мәселен, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына дәнекерлеуші, механик-жүргізуші және техникалық бағыттағы мамандар қажет. Сұранысты өтеу үшін жұмыс берушілердің өтінімі негізінде азаматтарды кәсіптік оқыту және қайта даярлау ұйымдастырылады. Бағдарламаға қатысу үшін азаматтар тұрғылықты жеріндегі мансап орталығына жүгіне алады. Қазір облыста 10 аудан мен 2 қалада мансап орталығы жұмыс істейді. Жұмыс беруші қажетті мамандық бойынша өтінім береді. Ал сол елді мекендегі азаматтар сұранысқа сай білім алып, кейін кәсіпорынға жұмысқа орналасады

Бөлісу