Семей жастары Arbat Fest фестивалінде бас қосты
Семейде Қала күніне арналған мерекелік шаралар жалғасып жатыр. Соның бірі - «Семейді сүю - тарихқа бас ию» атты Arbat Fest фестивалі. Арбат алаңына мыңнан астам жас жиналды. Олар өнер көрсетіп қана қоймай, қайырымдылық жәрмеңкесіне де қатысты. Фестиваль кез келген тұрғынның сахнаға шығып, өз өнерін көрсету мүмкіндігімен айқындалды.