Семейдің аспалы көпірі күрделі жөндеуден өтеді
Семейдегі аспалы көпір 26 жылдан кейін күрделі жөндеуден өтетін болды. Оған отандық және шетелдік мамандар бірлескен тексеру жүргізіген. Мемлекеттік сараптама дайын. Қазір мердігер компания анықталып жатыр. 14 миллиард теңге бөлініп, құрылымы күрделі өткелдің әрбір бөлігі қалыпқа келтірілмек. Өйткені, қолданысқа берілгеніне ширек ғасыр өтсе де бір де бір бұрауы бұралмаған. Темір тетіктеріне бояу тимеген. Осы уақытқа дейін тек асфальт жабыны ауыстырылып, жамап-жасқалған. Енді ТМД елдерінде теңдесі жоқ аспалы көпірдің әр бөлігі мұқият қаралмақ. Ол жұмыстарға жапондық мамандарды тарту жоспарланып отыр.