Ақой ауылы таза ауыз сумен қамтылды
Өңіріміздегі елді мекендерді сумен жабдықтау жұмыстары кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Көкпекті ауданы Ақой ауылындағы су жинау станциясында болды. Жаңа нысанның құрамында екі сорғы, екі таза су резервуары, екінші көтерілімдегі сорғы станциясы, күзет үй-жайы, комплектілі трансформатор, дизельді электр станциясы және санитарлық блок қарастырылған. Жалпы, елді мекенде 63 абонент бар. Оның 25-і орталықтандырылған су құбырына қосылған. Қазір қалған үйлерді орталықтандырылған су жүйесіне қосу үшін құбыр қазу жұмыстары жасалып жатыр.